2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының және ҚР Кітапханашылар қауымдастығының бастамасымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен елімізде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы өткізіліп келеді. Акцияның негізгі мақсаты – оқырмандарды қазақ әдебиетінің үздік үлгілерімен таныстыру, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге жағдай жасау, сондай-ақ жас ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету және ана тіліне деген құрметті нығайту.
Биыл да «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы жалғасын табуда. Акция аясында жалпы халықтық оқуға көрнекті қазақ жазушысы әрі қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы таңдап алынды.
Аталған акция шеңберінде КММ «Саумалкөл №1 орта мектебі» кітапханасында «Бір ел – бір кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.





