World Cleanup Day – тазалықты өзімізден бастайық!
18 қыркүйекте халықаралық «World Cleanup Day» («Дүниежүзілік тазалық күні») экологиялық акциясы аясында КММ «Саумалкөл №1 орта мектебі» мектебінде пайдалы экологиялық іс-шаралар күні өтті.
Бұл күні әрқайсысы мектепте тазалық пен жайлылықты қалыптастыруға өз үлесін қосты: кітаптарды сөрелерге реттеп орналастыруға көмектесті, бөлме гүлдеріне су құйып, мектеп ішіндегі тәртіпті ретке келтірді.
Тіпті кішкентай игі істердің өзі маңызды. Өйткені қоршаған ортаға деген қамқорлық әрқайсымыздың қарапайым әрекетімізден басталады!





